Астана 2 млн халықты қамтитын қалаға айналмақ

Күні: 15:49, 21-09-2017.

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Астана 2 млн халықты қамтитын қалаға айналмақ, деп мәлім етті елордаинфо сайты. Хабарда атап көрсетілгендей, Астанада үш ай бойы дүрілдеген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі елорда экономикасына оң ықпалын тигізді. Кеше қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына қатысып, бас қаланың сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы туралы есеп берген Астана әкімі Әсет Исекешев мұны өз сөзінде атап өтті. Бұған қоса, қала басшысы маңызды салалардағы ағымдағы жұмыстар, елорданы дамытудың алдағы жоспарлары жөнінде мәлімдеді.
– Биыл елорда үшін ерекше жыл болды. Әсіресе, жақында аяқталған «ЭКСПО-2017» көрмесін тарихи оқиға деуге болады. Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ЭКСПО» үлкен табыспен аяқталғанын айтты. Көрменің құрылысынан бастап аяқталғанына дейін 1400-ден астам кәсіпорын қала жұртшылығы мен Астана қонақтарына қызмет көрсетті.


Жаңалықтармен бөлісу: