Астана қалалық сотының апелляциялық коллегиясы Сейтқазы және Әсет Матаевтардың негізгі жазаларын өзгеріссіз қалдырды

Күні: 13:31, 09-12-2016.

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Астана қалалық сотының апелляциялық коллегиясы Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың негізгі жазаларын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Апелляциялық сот коллегиясы қаулы етеді: Астана қалалық №2 Есіл аудандық сотының 2016 жылғы 3 қазандағы Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты үкімі өзгертілсін. Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа тағайындалған ұйымдастырушылық-үлестіріп беру және материалдық жауапкершілік функциялармен байланысты мемлекеттік және коммерциялық мекемелерде басшылық лауызымда болу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жазасының орнына Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа ұйымдастырушылық-үлестіріп беру және материалдық жауапкершілік функциялармен байланысты мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасау құқығын 10 жыл мерзімге дейін айыру жазасымен алмастырылсын», - деді жұма күні үкімді жариялап тұрып, апелляциялық сот коллегиясының төрағалық етуші судьясы Алма Есімова.
«Сот үкімінің қалған бөлігі өзгертусіз қалдырылсын, прокурордың апелляциялық қарсылығы қанағаттандырылсын. Сотталғандардың, қорғаушылар Рамазанованың, Мамырқұлованың, адвокаттар Петров, Бакиеваның, сондай-ақ А. Матаевтың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмастан қалдырылсын. Қаулы 2016 жылдың 9 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Сот актілеріне сотталғандардың жағдайын нашарлататын уәждер бойынша үкім жарияланған күнен бастап бір жыл бойына, жағдайын жақсартатын уәждер бойынша шектелмеген мерзім бойына қылмыстық істер жөніндегі ҚР Жоғарғы сотына шағым беруге, бұздыруға әрекеттенуге болады», - деді ол.
Одан басқа, коллегия қорғаушылардың тәркіленген мүліктерге салынған қамауды алып тастау туралы өтініштерін қанағаттандырмады.
Бұдан бұрын прокурор Айдын Абаев соттан Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қосымша жазаны өзгертуін сұраған.
Мемлекеттік айыптаушы түсіндіргендей, белгілі бір лауазымды алып отыру немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру 1 жылдан 10 жылға дейін бекітіледі. Бұл ретте белгілі бір лауазымды алып отыру немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру қосымша жазасы заңмен тек тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, сондай-ақ отбасы мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстарға, және экономикалық қылмыстардың жекелеген санаттары үшін қарастырылған.
3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын алаяқтық жасаған және салықтан жалтарды деп айыптап, мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 3 қарашада іс Астана қалалық сотына түсті. 7 қарашада апелляциялық коллегияның отырысы өтетін күнді тағайындау туралы қаулы қабылданды. Қорғаушылар жағы Астана қалалық сотының апелляциялық коллегиясына 60 өтініш берді.


Жаңалықтармен бөлісу: