Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ - Мирхат Әжіғалиев. Қазақстанда орташа өмір ұзақтығы жағынан Астана тұрғындары көшбасында келеді, деп мәлім етті елордалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Марат Құрманов.
«Бізде өмір ұзақтығы ең жоғары. Егер республика бойынша орташа мәнді алсақ, біздікі 2 жылға ұзақ және 70,5 жыл», - деді М. Құрманов ҚазТАГ агенттігіне сейсенбі күні Астанада өткен дүниежүзілік денсаулық күніне арнап өткізген баспасөз мәслихатында.
«Ол республика бойынша қуатты деген медициналық ұйымдардың елордада шоғырлануынан шығар. Елордалық мәртебеге ие бола отырып, нашар медициналық қызметте болу жаман болар еді», - деп ол атап көрсетті.
Сондпай-ақ ол бұл жерде салауатты өмір салтын насихаттау да маңызды рөл атқарады деді.
«Мен, ең алдымен халық арасында осындай профилактикалық жұмыс жүргізу өз жемісін беріп жатыр деп есептеймін». – деді М. Құрманов.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың заңсыз тарту фактісін анықтады
20 Қыркүйек 2024, 12:43 -
Тимур Әбілқасымов ҚНРДА төрағасының орынбасары болып тағайындалды
20 Қыркүйек 2024, 12:31 -
Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер өлі табылды
20 Қыркүйек 2024, 12:19 -
Kaspi.kz компаниялар тобы қысқа позицияда трейд жасайтын жобаның айыптауларын жоққа шығарды
20 Қыркүйек 2024, 11:59