Астана әкімшілігі қалалықтарға баспана сатып алғанда құжаттарды мұқият тексеруді ұсынады

Күні: 13:53, 05-08-2015.

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Елорда әкімшілігі қалалықтарға үлестік құрылысқа қаражат салғанда рұқсат құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Сондықтан алаяқтықтың құрбаны болмау үшін құрылыс жүргізуге негіз болатын рұқсат беретін құжаттамаларды зерделеп оқып, ұғып алған жөн. Міндетті түрде кооператив пен құрылыс компаниясының қатынасына назар аударып, Тұрғын үй құрылыс кооперативінің жарғысын мұқият оқу керек. Егер кооператив туралы ереже бар болса, онымен де жақсылап танысып шыққан абзал», - делінген сәрсенбі күні Астана әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарда.
Астана қаласының әкімдігі, сондай-ақ Қазақстан құрылыс жүргізушілер  қауымдастығы келесідей жайларға айырықша назар аударуға кеңес береді.
Біріншіден, Тұрғын үй құрылыс кооперативі бір мезгілде «кооператив және құрылыс компаниясы» болып табыла ма, жоқ па, ал мердігердің агенттік өкілдігін басқа бір жақтан әкеліп құрылысқа жалдамай ма, осыған көңіл бөлген дұрыс.
«Басқа бір мердігер жалдаса, Тұрғын үй кооперативі мүшелеріне қауіптілік күшейе түседі. Өйткені, Тұрғын үй құрылысы кооперативі мен құрылыс фирмасының арасында жасалған келісімшартта кооператив қаржыландыру бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда  құрылыс фирмасы салынып біткен немесе әлі аяқталмаған үйді Тұрғын үй құрылыс кооперативіне өткізбеуіне құқық беретін жағдай қарастырылуы мүмкін. Ондай жағдайда төлемді толық жүзеге асырған белсенді кооператив мүшесінің өзі басқа пәтерлер толық сатылып болмай немесе әкімшілік пен қаржыландыру жүйесінде туындаған кедергілерге байланысты өзінің пәтерін ала алмай қалады», - деп түсіндіреді әкімшіліктен.
Екіншіден, жобаның пропорцианальдық өзіндік құны өскен сайын үйлескерлік жарнаны өсіру мүмкіндігін қарастыратын келісімшарт мәтініне назар аудару керек. Егер кооператив мүшесі жобаны уақытылы толықтай қаржыландыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, кооперативтің міндеттемелері өзгеріп, келісімшарт бұзылады. Мұндай жағдайда ақшаны кері қайтарып алу өте қиын, өйткені осындай келісімшарттарда ақшалай қаржы сіздің пәтеріңіз басқа бір мүшеге «айыппұл» ұстау арқылы сатылғаннан кейін ғана (тұрғын үй пайдалануға берілген соң) қайтарылады деп көрсетіледі. Осылай қайтарғанның өзінде бұған бірнеше жылдар кетеді.
Үшіншіден, үлескерлік жарна туралы келісімшарт сәйкесінше кооператив мүшелеріне барлық «факультативтік» ұсталымдарды, соның ішінде техникалық құжатты әзірлеу, тіркеу, дайын жылжымайтын мүлікті меншік құқығын тіркеуге дейін күтіп ұстау және басқа жағдайларды қарастырады.
Төртіншіден, айырықша атап өту керек, кооператив мүшесі қатысқан құрылыста пәтерлердің дайындығы көрсеткіштері келісімшартпен нақты лимиттелмейді. Сондықтан мұндай пәтерлерді кез келген уақытта, соның ішінде құрылыс жүріп жатқан кезеңде Тұрғын үй құрылыс кооперативі тапсыруға дайын деп мәлімдеуі мүмкін.
Бұдан соң, пәтердің нақты алаңын анықтау мәселесіне, сондай-ақ, уақытында келмеген, аралық төлемдерді (жарнаны) уақытылы төлемеген және басқа себептерге байланысты келісімшартты бұзу жағдайларына да дұрыстап қараған абзал», - делінген хабарда.
Сондықтан қала әкімдігі мен Қазақстан құрылыс жүргізушілер қауымдастығы  азаматтарды аса сақ болуға, келісімшартты мұқият оқуға ешқандай қысылмауға, заңгерден ақша үнемдемеуге, тек қана сенімді құрылыс компанияларына үміт артуға шақырады.


Жаңалықтармен бөлісу: