«Астана» мен «Бенфика» арасындағы футбол матчы елордалық «Қазмедиаорталығында» көрсетіледі

Күні: 18:59, 15-09-2015.

Астана. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада 15 қыркүйекте «Қазмедиаорталығы» киноконцерт залында «Астана» қазақстандық футбол клубы мен португалдық «Бенфика» футбол клубы арасындағы матч көрсетіледі, деп хабарлады елорданың ішкі саясат басқармасынан.  

Қазақстандық «Астана» футбол клубы мен португалдық «Бенфика» футбол клубы арасындағы чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші турының матчы қыркүйектің 15-нен 16-сына қараған түні Лиссабондағы жергілікті «Эштадиу да Луш»  стадионында өтеді.  

Астанада екі футбол командасының матчы 15 қыркүйек күні сағат кешкі 23.59-да «Қазмедиаорталығы» киноконцерт залында көрсетіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: