Астана орманын Назарбаев Қазақстандық керемет деп атады

Күні: 14:36, 08-06-2015.

Астана. 8 маусым. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана орманына барды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз елордамыздың айналысына орман өсірдік. Мақтанышымыз, керемет! Мен оны Астана орманы деп атаймын. (...) Оны Астана орманы деп атау керек. Мидай далада 70 мың гекатар орманды алқап бар», - деді Н. Назарбаев, дүйсенбі күні Астананың «Жасыл белбеуіне» барған кезде.
Оның айтуынша, осы жасыл белбеудің арқасында қалада шаң азайып, жел бәсеңсіді. Сондай-ақ қалалықтардың демалатын орындары пайда болды.
«Бұл жерде велосипед трассалары пайда болады. Мұнда кемпингтер мен дәмхана, мейрамханалар пайда болады. Адамдар тынығатын болады. Осы ормандарда арнайы жемістер отырғызылды: қарақат, таңқурай, саңырауқұлақтар өсетін болады. (...) Мұнда жануарлар да пайда болды, қояндар, түлкілер де, қасқарлар, қарақұйрықтар бар, қазір қырғауылдарды жіберіп жатырмыз», - деді ол.
«Қазақстандық керемет. Біз сіздермен келешек ұрпақ үшін керемет орман жасадық және біз осы жыл сайын ұлғая беретін Астана орманын мақтан тұта аламыз», - деді елбасы.
Ол 2020 жылға қарай орман алқабының ауданы 100 мың гекатрға дейін ұлғаятынын атап кетті.
«Жасыл белбеудің» жалпы ауданы 14,8 мың гектар. Оның 11,5 мың гектарына орман ағаштары отырғызылған, онда 9,6 млн ағаш пен 2 млн-дай бұталар отырғызылған. Жұмысты 2020 жылға дейін негізгі үш бағытпен жүргізу жоспарланған. 2014-2015 жылдары 776 мың көшет отырғызылды, 2016 жылы тағы 353 мың көшет отырғызылады. 2017 – 2030 жылдар аралығында 9820 га алқапқа орман отырғызу жоспарлануда.
Одан басқа, EXPO-2017-ге дайындық аясында рекреациялық аймақтар салу жоспарлануда. Қазір осындай екі аймақтың ТЭН-і дайындалуда. Бірінші жоба 25 га, онда спорт алаңдарын салу, балалар ойын алаңдарын, SPA-орталығын, 320 машинаға есептелген автотұрақ және т.б. қарастырылған. Екінші 100 га алаңда ат спортының кешенін салу, отбасылық тынығу орталығы, аквабақ, 288 орындық балалар лагері, жастардың тынығу орталықтарын салу жоспарлануда.  


Жаңалықтармен бөлісу: