Астана полицейлері 8 наурызға ең үздік «Авто-ананы» таңдайды

Күні: 16:22, 25-02-2015.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Астана полицейлері 8 наурызға ең үздік «Авто-ананы» таңдайды, деп хабарлады елорда ІІД баспасөз қызметінен.
«Биылғы 7 наурызда, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, жол-патрульдік полицейлер автомобиль жүргізетін әйелдердің арасында «Авто-ана» байқауын өткізеді», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Байқауға 12 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер өздерінің автокөліктерімен қатыса алады.
Байқауға қатысушылар 3 кезеңнен өтулері тиісті. Атап айтқанда, жол белгілерін тану білімі мен көлікті мәнерлеп жүргізуге арналған арнайы жабдықталған алаңда көлік айдап жүру машығы бағаланады. Сондай-ақ автомобильде балалар отыратын орындықтың болуы міндетті, қатысушылар ол неге керек екенін айтып берулері тиісті.
Жеңімпаздарды құнды жүлделермен, дипломдармен және гүлдермен марапаттайды.


Жаңалықтармен бөлісу: