Астана ТМД-ғы әйгілі қалалардың рейтингін бастап тұр

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ - Астана туристік турғыдан алғанда 2017 жылы ТМД-ғы әйгілі қалалардың көшбасына шықты, деп хабарлады елорданың ресми сайты. Хабарда айтылғандай, мұндай мәліметті туристік ұйымдар жариялап отыр. Агенттіктердің деректеріне сенсек, саяхатшылар Астанаға орта есеппен 3-5 күнге келеді және қонақ үйдің өзіне 80 АҚШ долларын жұмсайды. Алғашқы ондыққа ілінген қалалар ішінде бұл ең қымбат баға. Ең арзан қала-Ашқабат. Ол шаһарға барғандар қонақ үйге небары 30 доллар төлейді. Қонақ үйден бөлек жалпы алғанда ең қымбат қалалар Астана мен Баку, ең арзан қалалар Ашқабат пен Бішкек. Туристік тұрғыдан ТМД-ғы әйгілі қалалар рейтингі
1. Астана (Қазақстан)
2. Баку (Әзірбайжан)
3. Минск (Беларусь)
4. Ереван (Армения)
5. Ташкент (Өзбекстан)
6. Алматы (Қазақстан)
7. Кишинев (Молдова)
8. Бішкек (Қырғызстан)
9. Киев (Украина)
10. Ашқабат (Түркменстан)

adimage