Астана және Қазақстан митрополиті Александр православтық христиандарды алдағы Пасхамен құттықтады

Күні: 19:14, 12-04-2017.

Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ  Владимир Радионов. Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандық православиелік христиандарды алдағы Пасхамен құттықтады.
«Пасха  бұл салтанаттың салтанаты, мерекенің мерекесі. Христостың Жарқын Жексенбісінде шіркеулер адамдарға толады, әндер шырқалады, отбасыларға шуақты атмосфера оралады, барлық жерде құттықтаулар естіліп жатады», - деді митрополит сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол түсіндіргендей, Пасханы шынымен тойлау «жақыныңа деген мейірім жақсылық жасамай» елестетуге болмайтынын айтты.  
«Біздің үлкен парызымыз  қиындыққа тап болғандарға тіреу болу, әрбір адам баласына бауырмалдық қолдау көрсету, айналамыздағы әлемді өзгерту үшін еңбектену»,  деді ол.
Владыка Александр хабарлағандай, пасхальдық құдайға құлшылық ету 15-нен 16-шы сәуірге қараған түні өтеді, 15 сәуірде 23.00-де басталады. Қасиетті от Иерусалимнен Алматыдағы Вознесен шіркеуіне 16 сәуірде сағат 18.00-де қажылыққа барғандар жеткізеді.
Одан басқа, Пасха қарсаңында Қазақстанға евангелиелік ұлы қасиетті заттар – Иерусалимдегі Құдай қабірі Храмында сақтаулы Иса пайғамбардың шомыр тәжінің тікенінің бір бөлшегі мен хитон және тунигінің бір бөлігі әкелінеді.
«Иресуламнен гроб господнядан бөлшектер тұңғыш рет әкелінуде. Біздің өтінішіміз бойынша Құдай қабірі Храмының кілтін сақтаушы шейх Ваджих Нусейбе қасиетті заттардың бір бөлшегін православиелік қазақстандықтарға сый ретінде беріп жіберді. Ол ертең, 13 сәуірде, Вознесенск кафедральдық соборына әкелінеді жне мәңгіге сонда сақталады», - деді митрополит.
Сондай-ақ владыка Александр 26 сәуірде Түркістан епархиясының ашылуының 145  жылдығын тойлау аясында Қазақстанға Құдай Ананың «Умягчение злых сердец» («Зұлым жүректерді жібіту») атты хош иісті миро тамшылап тұрған иконасының шеруі басталады.
«Икона Алматыға 19 мамырда 19.00 сағатта келеді. Оны қарсы алу Иверско-Серафимовский монастырінің София соборында өтеді, онда ол 25 мамырға дейін болады. 22 мамырда Алматының Никольск соборында қасиеттіге сыйнуға болады», - деп нақтылады митрополит.  


Жаңалықтармен бөлісу: