Астанада 2015 жыл басында апаттық үйлерден 463 отбасы көшіріледі

Күні: 13:29, 22-12-2014.

Астана. 22 желтоқсан. ҚазТАГ – Астанада 2015 жыл басында апаттық үйлерден 463 отбасы көшіріледі, делінген елорда әкімшілігінің таратқан хабарында.
«Астанада апатты жағдайдағы үйлерде тұрып жатқан азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін апатты тұрғын үйді бұзу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр», - делінген әкімшілік аппаратының сайтында дүйсенбі күні жарияланған хаарда.
Хабарда айтылғандай, Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, 2017 жылға дейін тағы да 186 үй бұзылмақ.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, Астана әкімдігі апатты жағдайдағы үйлерді бұзып, олардың орнына ауданы бойынша тең (яғни, «квадратқа квадрат») жаңа пәтерлер береді.
Жалпы, жоба бағдарламасы бойынша 2017 жылдың соңына дейін 228 апатты үйді бұзып, 3500 отбасын көшіру көзделген. Айта кетейік, 2013 жылы апатты жағдайдағы 11 тұрғын үй бұзылып, 178 отбасы көшірілген болатын.
2014 жылдың соңында - 2015 жылдың басында 31 апатты үйді бұзу және сәйкесінше онда тұратын 463 отбасын көшіру жоспарланған. 2017 жылдың соңына дейін қалған 186 үй бұзылады.


Жаңалықтармен бөлісу: