Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ- Келесі жылы елорданың Есілде өзен вокзалы пайда болады. Сондай-ақ өзендегі такси қызметін де іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Қала әкімшілігінің ресми сайтында бейсенбі күні жарияланған хабарда айтылғандай,
«2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Есілдегі кеме арнасын дамыту» (судоходный Есиль) жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Соның бірі – Есілдегі кемежай, яғни өзен вокзалын ашу. Қазіргі күні кемежай құрылысының нақты орны белгіленді, ол Ш.Бейсекова көшесінің төменгі жағында болмақ», - деді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында «Астана Есіл» МКК директоры Қанат Алин.
Оның айтуынша, өзен вокзалы порттық тиегіш, блоктар мен қажетті шеберханалармен жабдықталады.
«Сондай-ақ 2015 жылы шілдеде Есіл өзені Қазақстанның кеме жүзетін өзендерінің реестіріне енгізілді. Сондықтан, біз бұл жаңалықпен мақтана аламыз. Жобаның тағы бір мақсаты - Есіл өзенінде қатынайтын өзен таксиін қолданысқа енгізу. Сыйымдылығы 8 адамдық шағын кемелер жолаушыларды Есіл өзінінің акваторийі шеңберінде қалаған жеріне жеткізетін болады», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14 -
Қазақстандық оқушылар Экономика бойынша Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
9 Қыркүйек 2024, 11:11 -
Қазақстанға Көшпенділер ойынында көкпарға қатысу үшін америкалық ковбойлар келді
9 Қыркүйек 2024, 10:56 -
Талдықорғанда орамдық қазандық салуға Т9,7 млрд астам қаражат жұмсамақ
9 Қыркүйек 2024, 10:40 -
Дүйсенбі күні Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
9 Қыркүйек 2024, 10:00