Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Астанада 300 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар бөлек жиналды, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Елордада 2015 жылдың наурыз айынан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша тұрғын үй қорында төрт түрлі (қағаз, пластик, шыны және аралас қалдықтарды) пилоттық жоба іске қосылды», - делінген жұма күнгі елорда әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған хабарда.
Пилоттық жоба аясында 54 ауданда түрлі-түсті 108 контейнер: қағаз үшін – көк түсті, пластика – сары түсті, шыны – қызыл түсті және аралас қалдықтар (азық-түлік және т.б.) үшін жасыл түсті орнатылды.
Пилоттық жоба аясында 36 тұрғын үй кешеннің аумағында 17 пәтер иелері кооперативі және «Астана-Тазарту» ЖШС мамандарының қатысуымен халық арасында насихаттау жұмыстар жүргізілді.
Жоба аясында 81,2 тонна қағаз, 206,92 тонна пластик және 36,9 тонна шыны жиналып, тұрмыстық қалдықтар қайта өндеуге жіберілді.
Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап БҰҰ Даму бағдарламасы бірігуімен, электрондық қалдықтарды бөлек жинау (керексіз электронды және басқа да электр құрылғылар мен олардың бөліктері) ұйымдастырылды. Үш тұрғын үй кешеннің аумағында және «Артем» және «Есіл» екі сауда орталықтарында арнайы экологиялық жәшіктер орнатылды. Халықты ынталандыру мақсатында ақаулы электрондық құрылғылар мен жабдықтарды тапсыру туралы тұрғындарға арнайы жеңілдіктер қамтамасыз ету үшін ALSER компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, қаланың дәріханаларында (мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар және т.б.) медициналық қалдықтарды жинауды енгізу жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36