Қарағанды. 14 тамыз. ҚазТАГ - Астанада ҚР Ұлттық мұражайында қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтың суреттері қойылды, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда атап көрсетілгендей, «Радиация» деп аталатын экспозиция ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған.
Көрме 9-шы тамыз – Нагасаки ядролық бомбалау салдарынан қаза тапқандарды еске алу күнінде ашылды, және 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге дейін жалғасады. 1991 жылдың 29-тамызында ҚР Президентінің Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Көрменің ашылу салтанатына Жапонияның Қазақстандағы елшісі Итиро Кавабата қатысты.
- Келіңіздер, көріңіздер, өкінбейсіздер. Маған «Мадина» деген картина қатты ұнады. Ол балаларымыздың болашағынан сыр шертеді, ол үшін біз бәріміз бірлесіп әлемдік көшбасшыларды ядролық құрдымнан бас тартуға шақыруымыз керек,- дейді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.
Кәріпбек Күйіков Семей полигонының құрбаны. Ол екі қолсыз туған. Алайда бұл оған жастайынан көркем суретпен айналысып, өз өмірін өнермен байланыстыруға еш кедергі келтірмеді. Өткен жылы Вашингтонда өткен саммитте елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Күйіковтың «Жарылыс» атты картинасын АҚШ президенті Барак Обамаға сыйлағанды.
Суреттер Роман Василенконың Facedook-тегі парақшасынан.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46