Астанада Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев туралы кітаптың тұсаукесері болып өтті

Күні: 09:44, 04-03-2015.

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Астанада жауынгер-иентернационалшы Борис Келімбетовке арналған «Қаһарман», «Қазақтын қара майоры, «Король Панджшера», («Панджшер Королі») «Оқ пен Отан» кітаптарының таныстырылымы болып өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, Борис Керімбаев – аты аңызға айналған «Қара майор» - Ауған соғысының ардагері, Ауған соғысы жылдары(1980-1983) 2-шіМұсылман батальоны ретінде танымал болған 1-ші құрылым жеке жасағының командирі болғанзапастағы полковник. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов Борис Керімбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан грамота мен құнды сыйлық тарту етті. Аталған кітаптарда оның жасаған ерліктерінің маңызы ашылып, ержүрек батырдың бейнесі, туған халқы үшін жанын қиюға даяр отансүйгішазаматтың өмірі сипатталған. Кітаптардың авторы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері»Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясының төрағасыБақытбек Смағұл өз шығармаларында Борис Керімбаевтың ерен ерлігін паш етті. Атап айтсақ, аталған іс-шара қазақ хандығының 550- жылдығы мен 1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы мерейтойын мерекелеу аясында өтті.  


Жаңалықтармен бөлісу: