Астанада брокерлік қызметтің нарығында алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – Астанада брокерлік қызметтің атын жамылған алаяқтықтың жаңа түрі анықталды, деп хабарлады елорданың ішкі істер департаментінен.
Мысалы, Астана ІІД-не азаматтардан брокерлік «Дельта трейд» және «Эки трейд» компанияларына шағым түсуде.  
«Аталған компаниялар валюталық сауда нарығында брокерлерміз деп өздерін таныстырып, жаһандық қаржы нарығында көрсететін қызметтердің кең ауқымын ұсынады (валюталық жұп бойынша мәмілелер жасау), лицензиялық сауда терминалының құралдарымен сауда жасауға үйретуді ұсынады.
Нақты мекен жайы ретінде компания офшорлық сайтын көрсетеді және ол 4 тілге аударылған (ағылшын, орыс, қазақша, украинша)», - делінген ІІД-нің сейсенбі күнгі хабарында.
Анықталғандай, алаяқтар клиентті белгілі сомада инвестиция салуға көндіреді, кейін, салым түсіп, клиенттің шотынан ақша алынған соң онымен барлық байланыс доғарылады. Қорытындысында – ешқандай кіріс жоқ, брокерлердің сайттары бұғаттаулы, ал олардың телефондары сөндірулі болып шығады.
ІІД брокерлік және басқа да компаниялармен осындай күмәнды сипаттағы мәмілелерге бармауды ескертеді. Оның үстіне телефон арқылы байланыспен немесе интернет ресурсы арқылы (электрондық поштамен) ешқандай байланысқа бармауды ескертеді.

adimage