Астанада итальяндық Сан-Карло театры «Жизель» балетін қояды

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ - Мирхат Әжіғалиев. Еуропаның бұрыннан келе жатқан театрларының бірі,  итальяндық Сан-Карло театры Астанада «Жизель» балетін қояды, деп мәлім етті  мемлекеттік Astana Opera опера және балет театрының жетекшісі Төлеубек Әльпиев.
СҺТеатр сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, талғам, сән мен уақыт өзгерер, бірақ “Жизель” балетінің даңқы бұлжымас. Неаполитандық Сан-Карло Театры труппасының орындауындағы мәңгі өшпес «Жизель» балетін, елордалықтар мен қала қонақтарына Астана күнінде – 5 және 6 шілдеде тамашалаудың бірегей мүмкіндігі туады.
«Астана Опера» сахнасында Неаполитандық балет труппасының құрамындағы беделді Куба Ұлттық балетінің және Ослодағы Норвегия ұлттық балетінің премьерлері – Жизель ролінде Иоланда Корреа және Альберттің ролінде Йоэль Карреньо өнер көрсетеді.
- Мен бұл балетке, оның тарихына ғашықпын. Жизельдің партиясын орындаған кезде бойымды түрлі эмоция билеп әкетеді. Сахнада болғанда ерекше күйге бөленіп, рольге берілетінім соншалықты, кейіпкерімнің тағдыры қаншалықты қайғылы екенін сезініп жылағым келеді, – дейді ойымен бөліскен Иоланда Корреа. Өзінің сахнадағы серігі Йоэль Карреньо жайлы балерина зор құрметпен және жылулықпен ойын білдірді. – Тамаша биші және әртіс, ал кейде ол әрі ұстаз. Мен онымен бір сахнаға өнер көрсеткенді ұнатамын, неге десеңіз, бұл еліктіріп әкететін тәжірибе. Мен оның жанында өзімді еркін әрі қауіпсіз сезінемін. Онымен жұмыс істеген кезде, нәтиже жемісті болатынына сенімдімін.
Бұрындары ұлы балерина Алисия Алонсоның серіктесі әрі оқушысы болған балетмейстер Линц Чанг басқаратын күллі кордебалет үлкен жауапкершілікпен дайындалды, әсіресе, екінші актідегі айрықша байқалатын хореографияның әсемдігі – үлкен па-де-де кезінде бишілердің жіпке тізгендей әсемдікпен салтанат құруы, арабеска кезіндегі ауысуы – балеттегі басты фигураларға тән.
Рафэль дель Савионың аса көркем декорациялары көрерменді Рейн аумағындағы ауылда орнаған күздің ғажап атмосферасына еліктіріп әкетеді. Көрермен бірінші актіде тамашалайтын, ну орманда орналасқан Жизельдің жайлы үйі, екінші актінің құпияға толы атмосферасын одан сайын күшейте түсетін готикалық нақыштағы қуатты әрі қараңғы қорымдардың қақпасымен алмасады.
Марио Джорси мен Джузи Джустино (Джустино соңғы 25 жыл бойы Сан-Карло Театрының тігін цехының басшысы болып табылады) әзірлеген әдемі костюмдер «Жизельді» жіберіп алуға болмайтын спектакль етуге септігін тигізді.

adimage