Астанада көру қабілеті бұзылған 300-ге жуық адам инватакси қызметін пайдалануда

Күні: 15:34, 13-11-2015.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Астанада көру қабілеті бұзылған 300-ге жуық адам инватакси қызметін пайдалануда, деп хабарлады елорда әкімшілігінің баспасөз қызметінен. Хабарда атап көрсетілгендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 13 қараша Халықаралық зағиптар күні деп жарияланды. Дәл осы күні Парижде және Петерборда зағиптарға арнап мектептер мен кәсіпорындар ашқан француз педагогі Валентин Гаюи дүниеге келген.
Қазіргі таңда Астанада мүмкіндігі шектеулі 12 585 адам тіркелген, олардың арасында көру органдарының қызметі бұзылған адамдар да бар. Ондай азаматтардың бір бөлігі «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ астаналық филиалынан көмек сұрайды. Қазір қоғамдағылардың қамқорлығында 450 адам бар, олардың 65 пайызынан астамы егде жастағылар болып табылады.
Астанада мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнап қалада қолайлы орта құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Көшелердің қиылыстары мен көшелерде дыбыстық сингалдары бар бағдаршамдар қолданылады, олар көздері нашар көретін адамдардың жолдан өтуіне көмектеседі.
Жолдан өту қолайлы болуы үшін көру қабілеті бойынша І топтағы 294 мүгедек жан инватакси қызметін пайдаланады.  Бұдан бөлек, Астанада былтырғы жылдан бастап № 23 балабақша негізінде нашар көретін және мүлдем көрмейтін зағип  балалар үшін арнайы топ жұмыс жасайды. Қазір топта алты бала бар, олармен білікті тәрбиешілер, дефектологтар, логопедтер және тифлогопедагогтер жұмыс жасайды.
Көру қабілеттерін бұзылған азаматтарды мүмкіндігінше көбірек жұмысқа тарту үшін білім беруге көп көңіл бөлінеді. Астанада медициналық колледжде бике ісін оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды, оған көру қабілеті бойынша 16 мүгедек жан түсті.
Көру қабілеттері бұзылған адамдар «Қазақстан зағиптар қоғамы» ҚБ астаналық филиалына 44-95-26 телефоны бойынша хабарласа алатынын естеріңізге саламыз.


Жаңалықтармен бөлісу: