Астанада көшпелілер өркениеті фестивалінде қазақ мәдениетінің артефактары мен ескерткіштері қойылған

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Астанада жексенбі күні көшпелілер өркениеті фестивалі ашылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайтынан.  
«Бүгін шымылдығын ашқан «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарын көшпелілер өркениетімен таныстырады. Аталған шара Астанада 9 жыл қатарынан өткізіліп келеді, оған 300 жуық әртіс қатысады. Мұнда өткен заманда киген киімдерді, декорацияларды, қолөнер шеберлерін және шабандоздарды көруге болады», - делінген хабарда.
Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл келушілер назарына жаңа инсталляциялар және ең бастысы – музей ұсынылмақ.
«Биылғы фестивальдің ерекшелігі – бес киіз үйден жасалған көшпелілер музейі. Тағы да бір айта кетерлік жайт, түрлі инсталляциялар орнатылады: түркі халқының басын қосатын бал балдар, көшпелілердің тұрғынжайлары, атрибуттар. Көбі көшпелілер қалай тұрған деп сұрайды. Үйлері қандай болған, киімі. Осының барлығы фестивальде көрсетілген», - дейді «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалінің екінші режиссері Арайлым Қалдыбаева.
Сонымен қатар, музейде көшпелі қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері, ескерткіштері қойылған. Дәстүрлі тұрғынжай интерьері жасалып, ұлттық костюмнің түр-түрі, әшекейлер, тұрмыстық заттар, қару-жарақтар ұсынылады. Еліміздің мұражайларының қорларынан жиналған экспонаттар келушілерді Орталық Азиядағы көшпелілер өркениетінің әлемімен таныстырады.
Көшпелілер өркениетінің орталығы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына қарсы алаңда орналасқан және 6 шілдеге дейін ашық болады. Шара барысында келушілер назарына дәстүрлі музыка концерті мен ақындар айтысы, «Ат жалында» атты спорттық шоу, «Алтын сақа» жарысы, «Фольклордағы өмір» этношоуы, көшпелілер циркі ұсынылады, сондай-ақ, кереуен сарай мен халықтық қолданбалы өнер жәрмеңкесін, музыкалық аспаптар көрмесін және т.б. аралауға болады.

adimage