Астанада кеміргіштермен күрес жалғасуда

Күні: 18:24, 11-05-2017.

Астана. 11 мамыр. ҚазТАГ - Астанада сәуірдің 14-інен 25-іне дейін дератизациялық шаралардың көктемгі кезеңі өтті, делінген елорда әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда атап көрсетілгендей, сәуірдің 14-інен 25-іне дейін қала басшылығының тапсырмасымен елорданың жеке секторында жаппай дератизация туры өтті. Кеміргіштермен күрес шараларын жүргізу барысында 20 000 тұрғын үй қамтылды. Соның ішінде «Алматы» ауданында – 9 010 үй,  «Сарыарқа» ауданында –  9 890 үй, «Есіл» ауданында – 1 100.
1 161 тұрғын үйде кеміргіштердің бастапқы қоныстануы анықталған бұл 5,8% құрайды. Қайталап өңдеу жұмыстарынан кейін көрсеткіш 0,7%-ға дейін төмендеді. Соның ішінде «Алматы» ауданында - 0,3%, «Есіл» ауданында - 1,1%, «Сарыарқа» ауданында - 1,1%.
Алайда көп қабатты үйлердің жертөлелері мен автотұрақтарында жүргізілген дератизациялық жұмыстар сапасының төмендігі кұрес нәтижелеріне кері әсер ететінін атап көрсету қажет.
Атап айтқанда, «Сарыарқа» ауданында 130 ПИК (842 тұрғын үй) - 94 % - дератизация бойынша келісімшарттарға отырған. 70 ПИК-те (353 тұрғын үй) өңдеу шаралары жүргізілді - 50 %.
«Алматы» ауданы бойынша дератизация туралы келісімшартқа 137 ПИК (645 үй) - 61 % қол қойған. 86 ПИК-те өңдеу шаралары жүргізілді (336 үй) - 39 %.
«Есіл» ауданында 60 ПИК (125 үй) - 69 % келісімшартқа отырды, 35 ПИК-те (82 үй) өңдеу шаралары жүргізілді - 41%.
3 және 5 мамырда Департамент мамандары әкімдіктің өкілдерімен және жұмыстарды орындаушылармен бірге («Дезинфекция» ЖММ БҚО, «Столичная дезинфекция» ЖШС) жеке сектор бойынша дератизациялық шаралардың тиімділігіне таңдаулы бақылау жүргізді.
«Алматы» ауданында тексерілген 216 үйдің 62-інің иесі кеміргіштердің бар екенін айтып шағымданды. «Есіл» ауданында 51 үй тексерілді. 3 үйдің иесі кеміргіштерге шағымданды. «Сарыарқа» ауданында 77 үй иесінің 18-інде кеміргіштер мәселесі әлі де өзекті күйде қалып отыр.
Келтірілген мәліметтер елордалық ПИК-тердің дератизацияға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Сапасыз жүргізілген дератизациялық шаралар кеміргіштер тасымалдайтын және елорда аумағына тән жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін: туляремия, листериоз, лептоспироз және иерсиниоз. 2017 жылдың сәуірінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында листериозға шалдығудың 1 оқиғасы тіркелді. Бұл ауру 2002 жылдан бері тіркелмеген.
Сондай-ақ, қала емханаларына кеміргіштердің тістегенінен зардап шеккен тұрғындар да тіркелген.


Жаңалықтармен бөлісу: