Астанада Ұлттық пантеонның бірінші кезегінің құрылысына Т2,3 млрд бағыттайды

Күні: 20:20, 19-05-2016.

Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның Ұлттық пантеонының бірінші кезегінің құрылысына Т2,3 млрд бағыттайды, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметінен.
Елорданың баспасөз қызметі таратқан хабарда айтылғандай, Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
ТЭН бойынша бірінші кезеңнің құрылысына 2,3 млрд. теңгеден аспайтын қаржы жұмсалады деп күтілуде. Бұл қаржыға Қабанбай батыр кесенесін күрделі жөндеу,оның аумағынжәне жанындағы зираттарға құлпытастар қойып, абаттандыру жұмыстар жүзеге асырылады. Тиісті жұмыстар жалпы ауданы 5 га жерде жүргізіледі.
Жобаның бірінші кезеңін іске асыру Пантеонның алдағы бірнеше жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Келесі кезеңдерді іске асыру қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын болады.
Ұлттық пантеонның орналасқан жері - Астана қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыра уылының жаны.


Жаңалықтармен бөлісу: