Астанада Н.Назарбаевтың «Өмір өткелдері» сыр-сұхбат кітабының тұсаукесері өтті

Күні: 18:53, 01-07-2015.

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында Н. Назарбаевтың "Өмір өткелдері" сыр-сұхбат кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады әлорда баспасөз қызметінен.  
«Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында Н. Назарбаевтың "Өмір өткелдері" сыр-сұхбат кітабының тұсаукесері өтті», - делінген сәрсенбі күні әкім сайтында жарияланған хабарда.
Кітап 16 тараудан, 570 беттен тұрады. Әр тарау Елбасы өмірінің белгілі бір белесті кезеңіне арналған. Онда Президент өзінің шыққан тегінен, балалық шағынан бастап, мектептегі, жастық жылдары, Теміртаудағы құрыш құйған шағы туралы әсерлі әңгімелейді.
Сонымен қатар Семей полигонын жабу кезеңінде еңсерген қиындықтары, егемендіктің елең-алаңындағы алдан шыққан проблемалар, шекараны шегендеу кезіндегі мәселелер сияқты аса күрделі де күрмеулі жайлар сұхбат түрінде жан-жақты қозғалды, деп хабарлайды Қазақпарат.
- Әлемдік тұлға Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітабында біздің тарихымыздың қомақты кезеңін қамтыған. Онда еліміз үшін шешуші сәттер мен кезеңдер анық берілген. Маңыздылығы бойынша деректер энциклопедиялық түрде жан-жақты қамтылған. Атап айтқанда, бұл туынды жастар үшін пайдалы, - деді «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы А. Тараков.
Сонымен қатар, бұл кітапта автор республиканың даму кезеңінде туындаған түрлі белестер, жағдайлар егжей-тегжейлі баяндалған.


Жаңалықтармен бөлісу: