Астанада Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІ сессиясы ашылды

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» атты ХХІІ сессиясы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«ҚХА-ның 20 жылдығымен тұспа-тұс келген Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІ сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер», - деді Н. Назарбаев бейсенбіде.
Сессия жұмысына 1,5 мыңнан астам адам қатысуда, оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен келген ҚХА мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни ұйымдардың, ҮЕҰ, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының жетекшілері, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.
Сессия барысында Н. Назарбаев республикалық этномәдени бірлестіктерден ҚХА төрағасының екі орынбасарын тағайындау туралы бұйрыққа қол қояды, сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» мерейтойлық алқаларын табыстайды деп жоспарлануда.
Сессия қорытындысы бойынша ҚХА үндеу қабылдайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР президентінің өкімімен 1995 жылдың 1 наурызында құрылды. ҚХА төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады. Оның жоғары органының шешімдері барлық мемлекеттік органдар тарапынан қаралуға міндетті.

adimage