Астанада Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы ашылды

Күні: 15:32, 26-04-2017.

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) XXV сессиясы ашылды.
«Құрметті Ассамблея мүшелері мен сессия қонақтары, бүгін біздің күн тәртібімізде «тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғырудың негізі». Ассамблея мүшелерінің жалпы саны 475, барлығы дердік қатысып отыр. Бізде ҚХА кезекті сессиясын ашуға абсолюттік кворум бар, сондықтан сессияны ашық деп жариялаймын», - деді Н. Назарбаев сессияны ашып тұрып.
XXV сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысуда. Сессияның соңында салтанатты концерт өтеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР президентінің жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда құрылды. ҚХА төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Оның жоғары органының шешімін барлық мемлекеттік органдар қарауға міндетті.


Жаңалықтармен бөлісу: