Астанада орнатылған "Саяxатшы" ескерткіші тілектерді орындайды

Күні: 12:49, 07-08-2017.

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Астанада орнатылған "Саяxатшы" ескерткіші тілектерді орындайды, деп көрсетілген елорда әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарда.
Бар болғаны чемоданға қолыңызды тигізіп, тілесеңіз ол міндетті түрде орындалатынын айтады Астана қаласының тұрғыны, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Жаз басында Астанада орнатылған «Саяхатшы» (ер адам чемоданмен) туристерді қызықтыратын жаңа орын болмақ.
Елорда тұрғыны Арай Құрман жақында өзімен орын алған оқиғамен бөлісті. Оның сөзінше, Республика даңғылында орнатылған астаналықтардың сүйікті ескерткішін сүрткеннен кейін ісі алға жылжығанын айтады.
- Мен әрине, ондайға сенбеймін, мұның барлығы бос нәрсе секілді көрінетін. Бірде Республика дыңғылында келе жаттым да ер адам чемоданмен, бірақ жарты денесі жоқ қызықты ескерткішке көзім түсті. Мүсін өте қызықты. Үстіңгі жағы қалай ұсталып тұр екен деп те ойладым. Қолмен ұстап, чемоданын сипадым, неге екенін білмеймін. Одан кейін бағдаршамның жасыл түсі жанып, мен ары қарай өз жұмысыммен кеттім. Бірақ одан кейін не болғанын білсеңіз... Басшылық барлық құжаттарыма ешқандай сұрақсыз қол қойып берді. Бірнеше күннен кейін тағы мәселелерім шешілді. Бұл сәйкестік пе, әлде, білмеймін, бірақ қиылыстағы сол «еркектің» чемоданын ұстағаннан кейін жолым бола бастады, - дейді Арай.
Мүсін жақсылықпен зарядталған, деп санайды ол: « Бұл мүсін маған бір таза, жарқын энергетика бергендей. Меніңше, мүсінші оны жасап жатқанда тек жақсыны ойлаған секілді».
Енді Арай барлық таныстарына мүмкіндік тауып, болат саяхатшыға қол тигізіп қайтуға кеңес береді.
- Кім біледі, біздің осындай сеніміміз, бұл «еркекті» тілектерді орындаушы ететін шығар, - дейді Арай Құрман.
«Саяхатшы» мүсіні маусым айының басында Республика даңғылында орнатылған болатын. «Сарыарқа» ауданының әкімдігі кескін Бруно Каталано стилінде жасалғанын, мұндай ескерткіш француздардың Марселінде бар екенін айтады.
«Үзілген» сұлба адамның қаламен қосылуын, жаңа әсерге ашықтығын білдіреді.
Қазіргі таңда Астанада жүздеген әртүрлі шығармашылық инсталяциялар бар.


Жаңалықтармен бөлісу: