Астанада ҚР әскери қызметшілері жеңіс аллеясына ағаш отырғызады

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақстандық әскери қызметшілер Астанада Жеңіс аллеясын орнатуды қолға алуда, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің бапсасөз қызметінен.
Ведомство сайтында айтылғандай, атап айтқанда, 200-ден астам парадқа қатысушы Ильинка елді мекенінде 500 түп ағаш көшетін отырғызады. Бұл Ұлы Отан соғысының даңқты батырларының бізге сыйлаған бейбіт өмірінің символы және оларға бүгінде отанымыздың тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметшілердің көрсеткен алғысы мен құрметі, сондай-ақ кейінгі ұрпаққа ата-бабаларының жасаған даңқты ерліктерін еске салатын аллея болмақ. Тал көшеттерін отырғызу – осы демалыс күндері Астанада өтетін жалпы қалалық сенбіліктің ауқымды бөлігі болып саналады. Оған Астанада орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының, ҚР ҚК Бас штабының, ҚР Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің, әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысады. Жалпы саны мыңнан аса адам ҚР ҚМ әкімшілік ғимаратының аумағын, әскери бөлімдер мен мекемелерді, елорданың кең көшелері мен даңғылдарын, сондай-ақ Ильинка елді мекенін ретке келтіреді.

adimage