Астанада Құрбан айт кезінде құрбандық шалу орындары белгіленді

Күні: 16:55, 16-08-2018.

Астана. 16 тамыз. ҚазТАГ – Астанада Құрбан айт кезінде құрбандық шалу орындары белгіленді, деп хабарлады елорданың ішкі саясат басқармасынан.
«Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік «Айт намазынан» (басталуы сағат 7-00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады», - делінген бейсенбідегі қалалық әкімдік хабарында.
Байқоңыр ауданы: «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш шоссесі, 30 («Көк Базар» базарының арты), «Есжанова А» ЖК, «Жайлау», Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» т/ж, 9 км, «Темеш» ШҚ, Астана - Софиевка т/ж 7 км Есіл ауданы: «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңы Сарыарқа ауданы: «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары)
«Сонымен қатар, «Құрбан айт» мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «2288» Call-center жұмыс жасайды», - деді Астана әкімдігінен.


Жаңалықтармен бөлісу: