Астанада ШЫҰ саммиті басталды

Күні: 15:02, 09-06-2017.

Астана. 9 маусым. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің саммиті тар шеңбердегі кездесуден басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
ШЫҰ саммитінің басты оқиғаларының бірі Үндістан мен Пәкістанның ұйымға қосылуы.  
Сондай-ақ саммитте бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде, соның ішінде Астана декларациясы мен экстремизмге қарсы тұру туралы ШЫҰ конвенциясы да бар.
ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері басшылары құрған халықаралық ұйым. 2016 жылдың маусымында Өзбекстандағы саммитте Үндістан мен Пәкістанның қосылуы туралы меморандумға қол қойды.  
ШЫҰ-дағы бақылаушы-елдер: Ауғаныстан, Белоруссия, Иран мен Моңғолия, әріптес-елдер – Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.


Жаңалықтармен бөлісу: