Астанада сириялық шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздер басталады

Күні: 10:58, 23-01-2017.

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада дүйсенбіде сириялық шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздер басталады.
Бұған дейін ҚР сырты істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, келіссөздер «жабық есік» жағдайында өтеді. Келіссөздерді өткізу үшін Астана барлық тарап үшін бейтарап аумақ ретінде таңдап алынды, деп атап өтті СІМ.
Сыртқы істер ведомствосының ақпарынша, келіссөздер 13.00-де басталып, болжам бойынша келесі күні күндіз сағат бірде аяқталады.
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздерге жеті тарап қатысады: Сирия Араб Республикасы үкіметінің өкілдері; Сирия оппозициясы өкілдері; Ресей Федерациясы өкілдері;  Түркия Республикасының өкілдері; Иран Ислам Республикасының өкілдері; АҚШ өкілдері.
Кеше кешкісін Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сириялық үкімет делегациясының басшысы, БҰҰ-дағы Сирия Араб Республикасының тұрақты өкілі Башар Аль-Джафаримен кездесті. Сондай-ақ, сириялық оппозиция делегациясының басшысымен кездесу өтті.  
Екі делегация басшысы  Қазақстан халқы мен басшылығына Сириядағы қарулы қақтығысты бейбіт реттеу процесіне ықпал еткені үшін алғыс айтты.  


Жаңалықтармен бөлісу: