Астанада сот «Ислам мемлекетін» лаңкесшіл ұйым деп таныды

Күні: 14:17, 02-11-2015.

Алматы. 2 қараша. ҚазТАГ – Астанада сот «Ислам мемлекетін» лаңкесшіл ұйым деп таныды, делінген ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің ресми сайтында.
«Террорлық ұйымдар тізімі... 16) «Ислам мемлекеті» (Астананың Есіл аудандық сотының 15.10. 2015 ж. шешімі)», - делінген хабарда.
Қазір тізімде Қазақстанда лаңкесшіл деп танылған 15 ұйым бар, олардың арасында «Әл-Каеда», «Талибан» қозғалысы», «Мұсылман бауырлар», «АУМ Синрике» және басқалары бар.
Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметтерінше, «Ислам мемлекеті» және 639) «Абдаллах Шамиль: Біз Ислам мемлекетін қалпына келтіреміз...» атты материалдарды сот экстремистік деп танып және оны 2014 жылы Қазақстан аумағына әкелуге,  басып шығаруға және таратуға тиым салынған деп таныған.


Жаңалықтармен бөлісу: