Астанада өткен қазақ-өзбек бизнес-форумы аясында шамамен $900 млн сомалық 90 келісімшартқа қол қойылды

Күні: 14:05, 24-03-2017.

Астана. 23 наурыз. ҚазТАГ – Қазақ-өзбек бизнес-форумы аясында $840 млн сомалық 92 келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлады «Атамекен» КҰП баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, өзбектер тарапынан жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібінің, машина жасау, банк саласынан т.б. 150-дей өкілдері   қатысты.
Өзбекстан сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Алишер Шайхов форум аясында Қазақстанмен сауда-саттықты дамытып, халықаралық нарыққа шығу, оның ішінде Қытай мен Еуропа, Африка нарығына шығу мүмкіндігін талқылап жатқандығын алға тартты.
«Алдағы мақсат - тауар айналымын жылына 5 млрд доллар көлеміне жеткізу», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: