Астанадағы EXPO-2017 халықаралық көрмесінің үздік бойтұмар дизайны байқауының жеңімпазы 7 мың долларға келісім шарт жасайды

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ - Оксана Скибан. EXPO-2017 көрмесінің үздік бойтұмар дизайнының   халықаралық байқауының жеңімпазы толығымен корпаративті  стилді жасақтау бойынша келісімшарт  алады, деп хабарлады «Астана ЭКСПО - 2017» ҰҚ» АҚ Маркетинг және қоғаммен байланыс жөнiндегi департамент директоры Әсел Қожақова.

«Жеңімпаз корпоративті  стилді жасақтау туралы келісімшарт  бойынша жобамен толығымен жұмыс істейтін болады.  Келісімшарт құны  - 7 мың доллар, ол логатипті одан ары жасақтауға арналған. Егер, ол (жеңімпаз - ҚазТАГ) өзін одан  ары жақсы жағынан көрсететін болса, онда онымен барлық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша келісім шарт жасалады», - деді дүйсенбідегі баспасөз конференциясында Ә. Қожақова.  

Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесіне сәйкес алғашқы 3 үміткер іріктілеп алынады, содан кейін жеңімпаз анықталады.

«Барлығына шақырту жібердік, жағдайы көтергендердің барлығы келді. Ал, кейбіреулер өзге елде жүргеннен кейін келе алмады.  Дауыс беру өткен соң біз олардың барлығын көрсетеміз», - деп ол атап өтті.

Ә. Қожақова түсіндіріп өткендей, байқауға дизайнерлік білімі бар мамандар ғана қатыса алды.

«Біз байқауға дизайнерлер ғана қатыссын деген талап қойдық, олардың ішінде бұл салада жұмысын жаңадан бастағандар да, тәжірибесі мол мамандар да болды.  Бұл ретте шектеулер болмады, тек дизайнерлік білімі болса болғаны», - деді ол.  

«Украинадан жоба болды. Амарикалық, партугалиялық, үндістандықтардың бойтұмарлары да болды, алайда олар (осы елдердің дизайнерлері  - ҚазТАГ) біздің саламызды онша біле бермейді , тіпті қазақтарды да біле бермейді, сондықтан олар өтпей қалды», - деп толықтырды Ә. Қожақова.

Оның айтуынша, дауыс беру 4-і мен 18 тамыз аралығында өтеді.

«Дүниежүзі бойынша 80-нен астам жоба келіп түсті. Біз байқау өткіздік, оны үлкен халықаралық сайыс деп жарияладық. Бізге өтініштер  Израиль, Бразилия, Америка, Украина, Ресей  және Қазақстаннан көптеп келіп түсті. Біз соншалықты қызықты, креативті бойтұмарлар болады деп ойламадық. Барлық қатысушыларға естелік дипломдар беріледі», - деді Ә. Қожақова.


adimage