Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Арсен Аскаров. Астанадағы «Мәңгілік полк» жалпыұлттық азаматтық бастамасына биыл 15 мыңдай қатысушы қатысады деп болжануда, деп хабарлады «Астананың мәңгілік полкы» азаматтық бастамасының үйлестіруші кеңесінің төрағасы Аида Баймақова.
«Бір қарағанда қатысушылар санын анықтау қиын, себебі акцияға қатысушылар тіркелмейді және оларға билет сатылмайды. Алайда 2015 жылы біздің ардагерлердің 1500 ұрпағын жинағанымызды ескерсек, 2016 жылы олардың саны 7 мың болды, демек биыл оның саны 15 мың болуы мүмкін», - деді А.Баймакова сәрсенбідегі брифингте.
Биыл шеру бағыты 2,5 км созылады деп күтілуде.
Ағымдағы жылы маршқа қатысушыларды жинау мен тұрғызу дәстүрлі түрде 9 мамырда «Қазақ елі» ескерткішінің алдында басталып, «Отан қорғаушылар» ескерткішінің алдында аяқталады.
Өз кезегінде «Терроризмге қарсы қызмет комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы Аманжол Оразбаев акцияда қауіпсіздік шараларынң жоғары деңгейде сақталатынын айтты.
«Мәңгілік полк» акциясы барысында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтары ардагерлердің суреттерін Астана көшелері бойымен алып өтеді, осылайша соғысқа қатысқан аталарын, арғы аталарын еске алады.
Алғаш рет «Мәңгілік полк» 2012 жылы Ресейдегі Томскіде өтті, ал 2013 жылы 120 қалада өтті. Қазақстан бұл акцияға 2013 жылдан бері қатысып келеді.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51