Астанадағы турнир кезінде төрешіні ұрған жаттықтырушы мен боксшы дисквалификацияланды

Күні: 15:46, 27-09-2017.

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Астанада өткен турнирде төрешіні ұрған жаттықтырушы мен боксшы дисквалификацияға ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Boxing Federation (KSE).
«Астанада Қазақстанның бокс федерациясы кубогы үшін өтіп жатқан жарыстың ширек финалдық кездесуінен соң жеңіліп қалған боксшы Рахат Маржықпаевтың бапкері төбелес шығарғаны үшін спорттан екі жылға шеттетіледі.
Бұл туралы ҚБФ Кубогы жарысын ұйымдастырушы Болат Абдрахманов мәлімдеді.
Айта кетейік, жсөспірімдер арасында әлем чемпионы Рахат Маржықпаев Жамбыл облысының боксшысы Аман Қазанғаповтан жеңіліп қалғаннан соң, оның бапкері Eрік Маржықпаев төрешіні ұрып, төбелес шығарды. Бұған оның шәкірті Рахат Маржықпаев та қосыла кеткен болатын.
Боксшы, бокс бойынша жастар арасында әлем чемпионы Рахат Маржикпаев бір жыл бойы дисквалификацияға ұшырады», - делінген сәрсенбі күні федерацияның сайтында.
Сондай-ақ, байқау ұйымдастырушысы, Астана бокс федерациясы, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмағаны үшін 1000 швейцар франкінде айыппұл салынды. Астанаға екі жыл бойы КФБ кубогы аясында жарыстар өткізуге тыйым салынды.
«Бұған қоса, жұмысқа деген салғырттықтары мен қателіктер үшін осы ширек финалда жұмыс істеген судьялар - екі жетекші, оның ішінде бір жыл бойы жарыстарға қатысудан, ал төртеуі - алты ай бойына жарыстарға қатысудан аластатылады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйекте Астанада КФБ кубогы үшін турнирдің ширек финалында Астаналық Р.Маржықпаев пен Ақан Қазанғаповтың жекпе-жегінен кейін жеңіс Қазанғаповқа берілгенді. Бұл шешім елордалық спортшы Е.Маржықпаевқа жақпаса керек, ол төрешіге барып, оны ішінен және басынан бірнеше рет соққыға алды, сосын жеңіліп қалған боксшы да жүгіріпм келіп, төрешіді «соққымен» ұрды.
Айта кету керек, қақтығыс жаттықтырушы өзінің қамқорлығындағының екінші нокдаунын көрмегендіктен және спортшыны әдейі «ұтылдырды» деп шешкенен туындапы.



Жаңалықтармен бөлісу: