Астанада жаңа оқу жылында 65 мыңнан астам бала тегін тамақтандырумен қамтылады

Астана.  19 тамыз. ҚазТАГ – Астанада жаңа оқу жылында 65 мыңнан астам бала тегін тамақтандырумен қамтылады, деп хабарлады елорда баспасөз қызметінен.
Хабарда атап көрсетілгендей, қаланың білім беру жүйесін әлеуметтік қолдау бұрынғы деңгейінде қалады. Бұл туралы білім қызметкерлерінің Тамыз кеңесі барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.
Оның айтуынша, алдағы оқу жылында елордада 65 мыңнан астам бала тегін тамақтандырумен қамтылады.
Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының барлығында асханалар мен буфеттерде сатылатын өнімнің сапасы тұрақты бақылауға алынады.

adimage