Астанада жазушы Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Күні: 15:45, 26-01-2015.

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада жазушы «Ілияс Есенберлин және оның әлемі» атты жазушының 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай Астана қаласының Білім басқармасы мен  «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы елордада ғылыми-практикалық конференция өткізеді», - делінген елорданың ресми сайтындағы дүйсенбілік хабарда.
Конференция 27 қаңтарда Астана қаласы Білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздарының және 8-11-сынып оқушыларының арасында өтеді. Конференцияның мақсаты жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, оны насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемнің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу болып табылады.
І. Есенберлин - қазақтың ұлы жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Өзінің тарихи шығармалары арқылы халыққа бағзы заманнан бастау алатын ұлы көшпенділер өмірінің лебін жеткізген жазушы. Оның қаламынан атақты "Көшпенділер", "Қаһар", "Ғашықтар" секілді романдар туған.
«Есенберлиннің әлеміне шеберлік пен биік кәсібилік тән. Халық жадында мәңгі сақталатын шығармалардың авторы тарихтан өз орынын ойып тұрып алды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: