Астанадан Парижге ұшатын тұрақты әуе рейстері 2015 жылдың наурызында іске қосылады

Күні: 13:58, 05-12-2014.

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. «Астана-Париж» бағытындағы тұрақты әуе рейстері 2015 жылдың наурызында іске қосылады, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төраға орынбасары Қайриден Нұркенов.
«Азаматтық авиация саласында мен ағымдағы жылдың қазан айында Парижде меморандумға қол қойылғанын атап өткім келеді, оның аясында «Эйр Астана» әуе компаниясы келесі жылдың наурызынан бастап «Астана-Париж» бағыты бойынша тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр», - деді Қ. Нұркенов жұма күні қазақстандық-француздық бизнес-форумда.


Жаңалықтармен бөлісу: