Астаналық бойжеткен мүгедек жандар арасында өткен ресейлік сұлулық байқауында "Нәзіктік аруы" атағына ие болды

Күні: 18:07, 11-09-2017.

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Астаналық бойжеткен мүгедек жандар арасында өткен ресейлік сұлулық байқауында "Нәзіктік аруы" атағына ие болды, деп хабарлады елорда әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, 1-6 қыркүйек Новосібірде арбамен жүретін қыздар арасында халықаралық «Бірігу миссі - 2017» сұлулық байқауы өтті.
Қазақстанның намысын сұлу да жан-жақты дамыған астаналық Севда Әлиева қорғады. Ажарлы ару ұлттық киімде фортопианода өзі шығармашылығынаның туындысын ойнап берді. Шара қортындысы бойынша Севда «Нәзіктік миссі» атағын жеңіп алды. Жеңіске жетіп, «Бірігу миссі-2017» байқауын жеңіп алуға шамалы ұпай жетпей қалды.
Айта кету керек, байқауға мүмкіндігі шектеулі 12 қыз қатысты. Бәсекелестік бірнеше кезеңнен тұрды: Бейне таныстыру, сахнада ұлттық киім үлгісін көрсету, таланттар байқауы, инттелектуалдық сұрақтар. Сонымен қатар, қатысушы ару арбада мың бұрала билеп, нағыз шоу жасады. Атап өтейік, Новосібірде өткен сұлулық байқауына 6 күндік дайындық жүргізілді.


Жаңалықтармен бөлісу: