Астаналықтар мамыр мерекелеріне орай 200-ден астам мәдени шараларға бара алады

Күні: 12:45, 21-04-2015.

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ - Астаналықтар мамыр мерекелеріне орай 200-ден астам мәдени шараларға бара алады, делінген қала әкімінің сайтындағы хабарда.  

«Сәуір айының 10 мен мамардың 10 аралығында елордамызда түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Жалпы, қалада түрлі деңгейдегі 200-ден астам шара, соның ішінде 35 ірі мәдени шара өтпек», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Хабарда айтылғандай, астаналықтар мен қала қонақтары концерттер, көрмелер мен театр қойылымдарына барып уақыт өткізе алады. Мерекелерге орай Астанада патриоттық акциялар, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері, халықтық серуендер де кеңінен өткізіледі.

«Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту аясында елордада «Бәйтерек» монументі, «Студенттік», «Ғашықтар» саябақтарында, қалалық әкімдік алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және «Жастар» сарайының алдында халықтық серуендер ұйымдастырылады», - делінген әкімдік хабарында.

Аймақтық этномәдени бірлестіктер де өздерінің шығармашылық өнерлерін ортаға салады.

Концерт отшашумен аяқталады.


Жаңалықтармен бөлісу: