Астаналықтар қысты шығарып салды

Күні: 18:50, 27-02-2017.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ - Өткен демалыс күндері жасыл белдеудің «Сүрлеу жол желісі» веложолының базасында «Көңілді масленица» шарасы өтті, деп хабарлады елорда әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда атап көрсетілгендей, мерекені «Астана орманы» ЖШС ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, славяндардың ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекесі  Масленица әдет-ғұрыптардың көктемгі циклына жатады және қысты шығарып салып, көктемді қарсы алумен байланысты. Мұндай мерекені өткізу елорда тұрғындары мен қонғақтарының белсенді демалуына жағдай жасады, деп есептейді ұйымдастырушылар
Мереке қонақтары үшін халықтық серуен, көңілді ойындар, ән-би ұйымдастырылып, дәстүр бойынша құймақ таратылды.
Бұл мереке қала тұрғындарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығын нығайта түсті, дейді «Астана Орманы» компаниясының өкілдері.  


Жаңалықтармен бөлісу: