Астананың қасиетті орындары: «Қараөткел» мұсылман зираты

Күні: 13:58, 30-10-2017.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ - Қазіргі таңда Астанада қасиетті деп танылған тарихи және мәдени 20 ескерткіш бар. Соның бірі, «Қараөткел» зираты, делінген елорда сайтында жарияланған хабарда.
Астананың қақ ортасында орналасқан ең ескі зиратты көлденең көзге түспес үшін берік қақпамен қоршап тастаған. Онда ең бірінші жерлеу рәсімі 17 ғасырда белгіленген, ал соңғысы 20 ғасырдың ортасында болған. Сосын ауыл зиратын жауып тастаған. 1962 жылға дейін 10 мыңдай бейіт болған екен, оның ішінде танымал шейхтар мен имамдар да жерленген. Мұндай қомақты бейіттің көптігін тарихшылардың айтуынша, зират көп қатпарлы және жүздеген жылдар бойы қаланып келген дейді.
«Қаланың қайнар көзі, қала тарихын айшықтайтын зираттар бар, олар: «Бозоқ» пен «Қараөткел». Бұлар әлі де зерттелмеген күйі жатыр. Соңғы жылдары ғалымдарымыз Ақмола бекінісіне шабуыл кезінде қайтыс болған, Кенесары ханның әскерлерінің ескерткішін тауып алды, бұл да біздің тарихымыз әрі еске түсіріп, құрметтеуіміз керек. Оның үстіне, Кенесары хан біздің тәуелсіздікке үмтылған күресіміздің символы. Біз тек оны ғана емес, оның батырларын да білуіміз тиіс. Бұл бірегей ескерткіш, сондықтан да осы тізімге еніп отыр», - дейді «Қасиетті Қазақстан» орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы.
«Ақ Орда» ақсақалдар қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, аталмыш зиратта 300-400 жылдан бері жатқан молалар бар. 100-ден астамы арабша жазылған.
Жер бедерін егжей-тегжей зерттеудің нәтижесінде ғалымдар зиратта 10 мыңнан астам қабір барын анықтады. Бірақ, қазір онда ешкім жерленбейді. Бұл атақты зиратта зерттеушілер соңғы хан Кенесарының 200 әскербасы мен елу шақты есауылдың жерленгенін айтады. Ескерткіш 1838 жылы орнатылған. Сарапшылар бұл орынды тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды тарихи орындарының біріне айналады деп отыр.
Ақмоланың осы бір көне зиратында Кенесары хханның әскери жасағы жерленгеніне күмән келтірмейді. Себебі, қазіргі Астананың төңірегі патша әскерінен жеңіліске ұшыраған болатын. Ал қабірдің плиталарын мамандар әлі де зерттеуде. Оның соңғы дәл көшірмесін жасап, еліміздің барлық музейіне таратпақшы. Өйткені, бұл қазақ хандығы дәуірінің соңғы жалғыз қалдықтарының жасанды көшірмесі.
Тарих ғылымының кандидаты Жамбыл Артықбаевтың айтуынша аталған бейіттерді әлі күнге дейін Еуразия университетінің зерттеушілері айналысып жатыр, онда арабтанушылар қабірдегі жазуларды оқиды.
«Бұл жердің тарихи әрі қасиетті саналатын себебі, біздің астанамыз пайда болғандықтан ғана емес, мұнда ежелгі сақ, ғұн дәуірінің де көптеген ескерткіштері бар. Қараөткел зираты 16 ғасырдан пайда бола бастады. Бұл құлпытастар 16 ғасырда араб тілінде жазыла бастаған. Мұнда дін қызметкерлері, ұлыс басқармасының билеушілері, т.б. көптеген адамдар жерленген. Зират Кенесары ханның көтеріліс кезеңімен сәйкес болғандығымен өзекті. Зерттеу жұмыстары айтарлықтай белсенді жүргізілуде, нәтижесі таяу арада шығып қалар деп ойлаймын», - дейді Ж.Артықбаев.
Зираттың шырақшысы Құрбан Смағұлұлы 90-шы жылдардың басында зираттың ескіріп, аянышты халде болғанын айтты. Тек 6 жыл бұрын ресейлік бір меценат көмектесіп, қақпа орнатқан екен. Алайда демеушінің ақшасы таусылғандықтан, ата-бабаларымыз жерленген орынға көп көңіл бөлінуін талап етеді.
Зират қазір қолданыста емес, ол тарихи орын. Сол себепті, жақында Қараөткел пантеон атануы да мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: