Астананың оқушылары Мәскеуде өткен ірі қалалар олимпиадасында үшінші орынға ие болды

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Астананың оқушылары Мәскеуде өткен ірі қалалар олимпиадасында үшінші орынға ие болды, деп хабарлады елорда әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, 4-9 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласы мэрінің бастамасымен Ресей Федерациясында екінші ірі қалалар олимпиадасы өтті. Оған 26 елден оқушылар қатысты. Әр қаладан 6-8 қатысушыдан және 3 басшыдан келді. Біздің елорданы Nurorda, «Білім-инновация» Назарбаев интеллектуалды мектебі мен лицейінің оқушылары таныстырды.
Шара қорытындысы бойынша 6 оқушыдан құралған Астана командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.  Дәулетияров Аян, Дүйсенбеков Данат, Ермек Дияр, Жоламанов Азат, Байлин Әмірхан және Қалин Арлан информатика, математика, физика және химия пәндері бойынша тапсырмаларды орындады. Оған қоса қатысушылар пәнаралық блиц-турдың тапсырмаларын орындады.
Жалпы алғанда олимпиадаға Абу-Даби, Алматы, Астана, Баку, Баня-Луки, Белград, Бішкек, Братислава, Будапешт, Вена, Габороне, Ганновер, Гонконг, Дели, Джакарта, Дюссельдорфа, Загреб, Иерусалим, Краков, Лейпциг, Лима, Лоян, Милан, Минск, Мәскеу, Бейжің, Рига, Рим, Санкт-Петербург, София, Ыстамбұл, Таллин, Тель-Авив, Хельсинки, Чэнду және Шанхай, Рим, Милан, Нью-Дели сынды мемлекеттің өкілдері қатысты.
Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін мәдени және ойын-сауықтық бағдарламаларды әзірлеген. Оқушылар А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік сурет өнерінің мұражайына, Мәскеудің шіркеуі мен барған.

adimage