Атақты қазақстандық археолог Бекмұхамбет Нұрмұхамбетов дүниеден озды

Алматы. 13 маусым. ҚазТАГ – Алматы облысында 81 жасқа қараған шағында «Алтын адамды» тапқан атақты археолог Бекмұхамбет Нұрмұхамбетов дүниеден өтті, деп хабарлады оның туыстары.  
«Кеше, 12 маусымда, менің әкем, Найман тайпасының Матай руынан шыққан, аты аңызға айналған Бекмұхамбет Нұрмұхамбетов өзінің соңғы «экспедициясына» аттанып, мәңгіге бізді осы дүниеде жетім тастап, ата-баба рухымен қауышуға, Жаратушының алдына кетті... Иманды болсын!», - деп хабарлады Б. Нұрмұхаметовтың баласы Арман.
Б. Нұрмұхаметовтың басқа ұлы, журналист Мирас Нұрмұхаметовтың айтуынша, ғалыммен қоштасу 14 маусымда Есік қаласында өтеді.
«Біздің әкеміз - Бекен ағамен қоштасу ертең, 14 маусымда, сағат 10.00 «Есік» мұражай-қорығында (Құлжа трассасымен Есікке кіре берісте (Есікке бұрылыста) оң жағыңыздағы дарбазаның арғы жағында), біздің әкеміз ашқан қорымның өзінде...», - деді ол.
«Бекмұхамбет Нұрмұхамбетов ҚазССР, Талдықорған облысының Қарасу ауылында дүниеге келді. ҚазМУ-дің тарих факультетін тәмамдады. 1969 жылы өзінің ғылыми жетекшісі Кемал Әкішевпен қазба жұмыстары кезінде сақ жауынгерінің көмбесін тапты. Кейін ол атақты «Алтын адам» деген атпен әлемге танымал болды.

adimage