Атанты кутюьре Пьер Карден келе жатыр

Күні: 11:28, 18-08-2017.

Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ - 1-3 қыркүйек аралығында «Қазақстан» концерт залында аты аңызға айналған әйгілі кутюрье Пьер Карден елімізге арнайы тігілген топтамасын таныстырады, деп хабарлады елордаинфо сайты. Сондай-ақ, сол аралықта «Дориан Грей» операсының тұсаукесері мен «World Asia Beauty» сұлулық және сән фестивалінің әлемдік гранд финалы өтеді.
Іс-шараны «Этно-студия «Іңкәр сезім» қоғамдық қоры, «Dinarel» сұлулық және сән студиясы Пьер Карденнің Париждегі сән үйімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
– Пьер Карденді Астанаға бірнеше мәрте шақырған болатынбыз. Бірақ денсаулығына байланысты келе алмады. Енді, міне, атақты кутюрьенің келетін уақыты белгілі болды, біздің ша¬қыруымызды осы жолы да қуанышпен қарсы алды. Пьер Карден сән шеруінде де, операның тұсаукесерінде де және сұлулық фестивалінің гранд финалында да төбе көрсетеді. Ал әзірге топтаманың нақты қандай болатыны жайлы ақпарат жоқ. Тек киімдерде қазақ¬тың дәстүрлі мәдениеті көрініс табатыны белгілі, – деді «Іңкәр сезім» қоғамдық қорының президенті Гүлнәр Жүнісова.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өтетін сән шеруіне Пьер Карден соңғы сән топтамасын ұсынады. Топтамаға кіретін 120-ға жуық сән үлгісі оның еліміздегі жанкүйерлеріне ерекше тарту болмақ. Ал «World Asia Beauty» атты сұлулық пен сән сайысында өнер көрсететін арулар Пьер Карденнің ұшқыр қиялынан шыққан өнер туындысын киіп көріп, сән шеруіне қатысуға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, елордада үш күн қатарынан «Дориан Грей – Қатыгез сұлулық» атты операның тұсаукесері өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары Пьер Карден мен дизайнер Родриго Басиликати қойған заманауи моноопераны тамашалай алады.
Атақты дизайнердің кешіне билеттің құны 5 мың теңгеден басталып, 20 мың теңгеге дейін барады. Ал фестивальдің гранд финалына 3-5 теңгелік билеттер сатылымда бар. Айта кету керек, Пьер Кар¬ден мен оның кәсіби тобы елордаға келіп-кету шығынын өздері өтейді.


Жаңалықтармен бөлісу: