Қатерлі ісікке шалдыққан қырғызстандық қазақтан туған бес жасар қызымен кездесуді армандайды

Күні: 08:42, 25-10-2021.

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Қырғызстан тумасы, қатерлі ісіктің ауыр түріне тап болған Алина Батурова өлер алдында Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын бес жасар қызы Інжу Батурованы көруді армандайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мен қандай да бір әдемі қуыршақ, ойыншықтар көрсем оған (қызыма – ҚазАГ) сатып алам. Міне мынадай ойыншықтар, онда фломастерлер де бар. Онда бәрі бар, білем, бірақ анаңнан да бірдеме қалғанын қалаймын, менің бар екенімді білсең деймін», - дейді Батурова Instagram желісінде оны қолдап ашылған парақшада.
Белгілі болғандай, 32 жасар келіншек сүт безі қатерлі ісігінің IV сатысына, бас миының, бауыр мен бүйректің ауқымды метастазына шалдыққан.
«Оған паллиативті ем көрсетілуде, яғни ол әр төрт сағат морфин қабылдап жатыр. Оның жолдасы Қордайда тұрады екен, және ауру келіншегіне бармайды да, көмектеспейді де екен. Осы жылдар ішінде ол ауыр дертімен өзі Бішкектегі туыстарының қолдауымен күресіп келген. Қазір Алинаның санаулы ғана күндері қалды, оның бар арманы қызын көріп, құшақтау. Оның күйеуі Батуров Уәлиханнан қызын ең болмаса бір күнге әкелуін өтінгенінен ештеңе шықпаған. Ол ауыр дертке шалдыққан әйелін көргісі де, оны білгісі де келмейді екен», - делінген видеодағы хабарда.
Видеода атап өтілгендей, «онкологиялық орталық кураторы оның жолдасымен бірнеше рет жеке сөйлескен».
«Ол оны қорлап, ашықтан ашық өлімін тіледі. Оның анасымен сөйлескеннен де дым шықпады. Өтінеміз, соңғы тілегін орындауға көмектесіңіздерші! Анасы қызын көргісі келеді! Уақыт бір орында тоқтамайды! Егер Уәлиханның туыстары болса, оған түсіндіріңіздерші, Құдайдан қорықсын, қызын анасына әкелсін. Уақыты келгенде қызы ержетеді, шындықты біледі. Барлық жазба сақталады! Осыншалықты тасжүрек болмаңыздар! (…) Біз барлық шығынды өтеуге дайынбыз, тек қызын анасымен қоштасуға әкелсін», - делінген хабарда.
ҚазТАГ редакциясы Қазақстанның білім және ғылым министрлігін, Жамбыл облысының жергілікті қамқоршылық және қорғаншылық органын, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен басқа да құзырлы мемлекеттік органдарын Алина Батурованың қызын көруге көмектесулерін, жағдайға мән берулерін сұрайды. ҚазТАГ Қазақстанның аталмыш меморгандарына бұл жарияланымды осы жайтқа қатысты ресми сауал деп қабылдауды ұсынады.


Жаңалықтармен бөлісу: