Атырау МӨЗ-і хош иісті көмірсутек өндірісі кешенін іске қосуда, ол бензин шығыуын арттырады

Күні: 17:49, 03-10-2014.

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) қазан айында қош иісті көмірсутектерін өндіру кешенін пайдалануға тапсыру жұмыстарын бастайды.
Жобаны «Қазақстан даму банкі» АҚ (ҚДБ), «Байтерек» холдингінің еншілес компаниясы қаржыландырды.
ҚазТАГ агенттігіне АМӨЗ-ден хабарлағандай, қош иісті көмірсутек өндірісі кешеннің қондырғыларын іске қосу бензин өндірісін 20% арттырып, жылына 600-650 мың бензин өндіруге дейін мүмкіндік береді, олардың басым бөлігі октандығы жоғары бензин болады. Қазір АМӨЗ-і жылына 550 мың тонна бензин өндіреді, ал оның тек 30%-ы ғана октандығы жоғары АИ-92 және одан да жоғары бензин. Сарапшылар бұл шара Қазақстанның Ресей бензиніне тәуелділіктен құтқаратын бағытындағы алғашқы қадам деп бағалап отыр.
«Егер біз ойластырған шаралардың барлығы іске асатын болса, қазақстандық автоиелері жақын жылдары АИ-92 бензиніне деген сұранысты толығымен қамтамасыз етеді. Ол 2017 жылы барлық МӨЗ-дерді қайта жөндеуден өткізген соң болады», - деді ҚазТАГ агентігіне мұнай өнімдері нарығындағы өзін таныстырғысы келмеген трейдер.
Мұнай өндірісін жетілдіру – капиталды көп қажет ететін және технологиялық күрделі үдеріс және оның ақталу мерзімі ұзақ. Сондықтан да АМӨЗ-інің қаржылық серіктесі ҚДБ болды.
Атырау МӨЗ-ін жетілдіру $2,9 млрд тұратын екі инвестициялық жобаны іске асыруды қарастырады, оның 45%-ын ҚДБ қаржыландырады. Бұл ретте ҚДБ бөліп отырған қаражат ұзақ мерзімге – 13 жылға беріліп отыр. Атап айтқанда, әңгіме құны $1,13 млрд тұратын, аталған хош иісті көмірсутектерін өндіру кешені туралы және құны $1,8 млрд. болатын мұнайды терең өңдеу кешені туралы болып отыр.
Бірінші қондырғыны іске қосу қосымша құны жоғары өнімдер: бензол мен праксилолды, сәйкесінше, жылына 133 мың тонна және 496 тонна шығаруға мүмкіндік береді. Олар мұнайхимия саласындағы негізгі шикізат өнімдері. Өз кезегінде мұнайды терең өңдеу қондырғысын пайдалануға тапсырған соң АМӨЗ-інде мұнай өндірісі жылына 2,5-3 есеге артып, 1,6-1,7 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бұл ретте ол бензин толығымен октандығы жоғары бензин болады.
Хош иісті көмірсутектерін өндіру кешенін іске қосу 2014 жыл соңына дейін, ал мұнайды терең өңдеу кешенін іске қосу 2016 жыл соңына дейін аяқталуы тиісті. Бірақ Қазақстанда ең сұранысқа ие бензиндер тапшылығы тек 2017 жылға қарай, барлық МӨЗ-дер қайта жөнделуден өткен соң аяқталады.
ҚДБ алда Шымкент МӨЗ-ін де қайта жөндеуден өткізу жоспарын қарастыруда.
Атырау МӨЗ-і еліміздегі ең көне зауыт, ол пайдалануға 1945 жылы тапсырылған. Зауытты жетілдіру ең алдымен еліміздің батысындағы бензин тапшылығын шешпекші.


Жаңалықтармен бөлісу: