Атырау облысында ірі-қара малдардың нодулярлы дерматит жұқтыруына байланысты карантин жарияланды

Атырау. 28 шілде. ҚазТАГ – Мүйізді ірі қара малдың (ІҚМ) 2,5 мыңнан астам басы нодулярлы дерматит ауруын жұқтыруы себепті Құрманғазы және Исатай аудандарында және Атыраудың 2 ауыл округында 27 шілдеден бастап карантин жарияланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Атырау облысы әкімшілігінің шешімімен жоғарыда аталған аудандарда 27 шілдеден бастап карантин жарияланды. Ондай шешім ІҚМ басының ауруына байланысты қабылданды», - деп мәлім етті Атырау облыстық ветеринария басқармасының бастық орынбасары Азамат Айтқалиев бейсенбі күні.
Оның айтуынша ІҚМ-ның Қазақстанда осындай аурумен ауруы тұңғыш рет болып отыр және ол ауру Ресей Федерациясынан тасымалдаушы жәндіктермен келген.
«Бүгінге Құрманғазы ауданында 57 069 бас ІҚМ-ның 2267 басында осы ауру тіркелді, 123 басы өлді, 454 басы жазылып шықты, 1698 бас мал ем алуда. Исатай ауданында 17 793 бастың ішінде 326-сы ауырды, 7-сі өлді, 64 жазылды, 255 бас – ем қабылдауда. Атыраудың ауылдық округтарында 4725 бастың ішінде 24 басы ауырды», - деді облыстық ветеринария басқармасының бастық орынбасары.
Еске салсақ, алғаш рет беймәлім аурумен ІҚМ-ның аура бастауы Атырау облысының Құрманғазы ауданында 30 маусымда анықталды: малдардың ыстығы көтеріліп, терілерінде жара шыға бастады. Кейін осындай белгілер Исатай ауданының малдарында да байқала бастады.  
Бұл ретте жергілікті ветеринарлар малдардың ауру себептерін анықтай алмады. Жағдайды анықтау үшін Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институтының мамандары келіп, сынама алып, ауруды солар анықтады. Жануарлар нодулярлы дерматит ауруын жұқтырғаны анықталды.

adimage