Атырау. 18 наурыз. ҚазТАГ – Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында алғаш рет аңшылыққа рұқсат берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңына және орман шаруашылығы мен хайуанаттар әлемінің аумақтық инспекциясына сәйкес «Теңіз бойы» аңшылық учаскесінде 2015 жылдың 21 наурызынан 4 сәуіріне дейінгі кезеңде жабайы ата үйректерге әуесқой аңшылық рұқсат етілді», - деп хабарлады сәрсенбіде резерваттағылар.
Жолдамалар әуесқой аңшыларға резерватта алдын ала тіркеу бойынша берілетін болады.
«Аса айрықша табиғи аумақтарға жолдама алу үшін және бару үшін төлем «Қазпошта» бөлімшесі немесе банк арқылы аудару жолымен жасалмақ. Жолдама құны – 3971,2 теңге плюс аңшылықтың бір күніне 198,2 теңге», - деді «Ақжайықтан».
Атап көрсетілгендей,резерваттағы аңшылық учаскесінің өткізу қабілеті 50 адамды құрайды.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17