Атырауда Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаевпен қоштасты

Күні: 15:54, 16-10-2015.

Атырау. 16 қазан. ҚазТАГ – Атырауда Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаевпен қоштасты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Туыстарының Н. Балғымбаевпен қайырласуы таңғы сағат 8-де марқұмның тұрған үйінің жанында өтті. Одан кейін таңғы 9 сағатта Дина Нұрпеисова ат. мәдениет сарайында азалы митингі өтті. Оны ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ашып, мемлекет басышсы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
«Нұрлан Балғымбаев мемлекеттік басқарудағы және экономикада ірі қайраткер бола тұрып, өзінің білімі мен тәжірибесін біздің елдің гүлденуіне арнады. Өзінің еңбек жолын мұнай саласында қарапайым жұмысшыдан бастап, өзінің біліктілігін үнемі жетілдірудің және жоғарғы ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында мансапта елеулі биіктіктерге жетіп, оның ішінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне дейін көтеріліп, онда өзінің адал еңбегін танытты. Өз Отанын шын сүйген Балғымбаевқа қарапайымдылық пен интелигенттік, шынайы кісілік тән еді. Біздің халқымыз оның сіңірген еңбегін еш ұмытпайды және оны мәңгі есте сақтайды», - деп оқып берді жедел хатты К. Мәсімов.  
Жиынға жиналғандар арасында әділет министрі Берік Имашев, энергетика министрі Владимир Школьник және «ҚазМұнайГаз» басшысы Сауат Мыңбаев, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің мұнай компанияларының өкілдері болды.
Жерлеу рәсімінен соң қаладағы бір мейрамханаларда ас беріліп, оған 700-дей адам қатысты.
Еске салсақ, Атырауда сәрсенбі күні 68 жасында ұзаққа созылған науқастан соң Нұрлан Балғымбаев өмірден өтті.
Ол әр жылдары Қазақстанның мұнай және газ министрі; «Қазақойл» мұнайгаз ұлттық компаниясының президенті қызметтерін атқарды. 1997-199 жылдары ҚР премьер-министрі болды. Кейін ол «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ президенті; «Қазақстан мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті болды.
2007 жылы ол ҚР президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалып, онда 2009 жылға дейін істеді. Одан соң ол итальяндық мұнайгаз Eni компаниясымен жобаларды іске асыру жөніндегі мекеменің бас директоры лауазымында қызмет атқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: