Астана. 20 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда мемлекеттік танымал тіркеу номер таңбаларының (МТНТ) саудасы басталды, деп мәлім етті ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасының тіркеуге алу – емтихан бөлімінің бастығы Бауыржан Наханов.
«Бүгіннен бастап «Жол қозғалысы туралы» заң нормасы күшіне енеді. Онда 66 баптың 1 тармағы бойынша автокөлік иесі қалауы бойынша сұранысқа көп ие номерлік таңбаны таңдай алады деп айтылған», - деді ол дүйсенбі күнгі брифингте.
Б. Наханов Қазақстанның 5 ХҚКО-ларында ол қызмет іске қосылды деді. «Бүгінге Астанада 5 номер сатылды. Жеке тұлғалар олардан үш 001 номерді, бір 500 номерді, бір 555 номерді сатып алды. Қазір 777 номері сатылуда, тағы бір 001 номерді заңды тұлға сатып алды. Қазірге бізде бюджет 1,5 млн теңгеге толықты», - деді Б. Наханов.
Полковниктің атуынша, мемлекеттік органдардың көліктеріне бұл ереже жүрмейді.
«Мектептер, полиция, аурухана, әкімшіліктер. Олар үшін осындай баға тағайындаудың қисыны жоқ, себебі олар бюджеттік мекемелер. Мемномерлер үшін ақы төлеудең, ол үшін бюджеттен қаражат алып, оны қайта бюджетке өткізуден не пайда», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша танымал номерлерді алу кәдімгі номерлерді алу сияқты. Астанада оны бір күнде тұрғылықты жердегі әкімшілік полиция бөлімшесінде немесе арнайы ХҚКО-лардан алуға болады.
«Ешқандай броньдау жоқ, кезек жоқ, кім бірінші болып өтініш берсе, сол алады», - деді полковник.
Ол, алғашқыда атақты номерлерге аукцион өткізу керек деген ұсыныстың болғанын, бірақ «заң тұрғысынан аздаған проблемалар болуы себепті» бірыңғай тарификация енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.
Сондай-ақ сұранысы көп МТНТ бергені үшін ставканы келесідей мөлшерде көтеру туралы Салық кодексінің 540 бабына түзетулер қолданысқа енгізілді:
- келесідей цифрлық таңбадағы МТНТ бергені үшін:100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 - 13 700 пайыз (1 АЕК Т1852 * 137 = Т253 724);
- келесідей цифрлық таңбадағы МТНТ бергені үшін: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 - 22 800 пайыз (1 АЕК Т1852 * 228 = Т422 256). Мемлекеттік орган автокөліктерінің мемлекеттік баж салығы өзгеріссіз қалады - 280% АЕК.
1 АЕК=Т1852.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Рахмонды Тәжікстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады
9 Қыркүйек 2024, 13:56 -
Үкімет Маңғыстау облысында балалардың улану себебін тексеруді өз бақылауына алды
9 Қыркүйек 2024, 13:48 -
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14 -
Қазақстандық оқушылар Экономика бойынша Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
9 Қыркүйек 2024, 11:11