Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Қазақ дипломатиясына 25 жыл, деп атап өтті бүгін еліміздегі дипломатиялық миссия басшыларымен кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлады елорданың ресми сайты. Хабарда айтылғандай, осы уақыт ішінде Қазақстан 182 елмен дипломатиялық қатынас орнатқан. Шет мемлекеттерде 57 елшілік, 31 дипломатиялық мекеме бар. Сонымен қатар Қазақстанда 95 шет мемлекеттердің елшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдігі бар. Елбасы Қазақстан-Ресей қарым қатынасы тату көрші, стратегияялық серіктес ретінде заңды жалғасын тауып келе жатқанын айта келе, Қытай Халық Республикасымен арадағы байланыстарды тілге тиек етті. Қазіргі уақытта екі мемлекет транзиттік әлеуетті арттыруға септігі тиетін «Нұрлы жол», Жібек жолының экономикалық белдеуі секілді үлкен жобаларды іске асыра бастады. Сонымен қатар Ориталық азия дамудың жаңа кезеңіне көшті.
«Біздің бұл мәселеде ұстанымымыз айқын. Теңқұқылы серіктес бола тұрып, аймақтың халықаралық істерде беделін арттыруымыз қажет. Біз тарихи, мәдени, тілдік тұрғыдан тамырлас елдер болғандықтан, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға мүдделіміз», — деді Н. Назарбаев.
Елбасы Еуроодақпен және АҚШ-пен байланысты нығайту мәселесіне де тоқталды.
«Біз АҚШ және Ақ үйдің жаңа басшысымен серіктестікті нығайта береміз. Еуроодақпен жан жақты қарым қатынасты жалғастырамыз, олар біздің ірі инвестициялық сауда-экономикалық серіктестеріміз. Қазір келісім туралы құжат Еуроодаққа мүше елдер ратификациялауынан өтіп жатыр. Мен өзге елдердің қолдау көрсететініне сенемін», — деп атап өттәі Елбасы.
Сол секілді пост-кеңестік елдермен сан жылдардан жалғасып келе жатқан ынтымақтастық сақталады. Тарихы тамырлас Түркиямен арадағы байланысқа басымдық беріледі. Осы уақытқа дейін Латын Америкасы мен Африка құрлығы және Кариб бассейні елдерімен байланыс кенжелеп дамып келді. Алдағы уақытта бұл мәселе басты назарда болады.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46